Алматы қаласындағы «Әдебиетшілер үйінде» өткен дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысында Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбековке «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағы тапсырылды. Осы кеште тағы бір жерлесіміз, ілеспе аударманың негізін қалаушы, қаламгер Камал Әлпейісова Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері атанды.
Мемлекет басшысы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сұрапыл соғыстың тірі куәсі жастармен кездесті
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тарихпен тілдесіп, жүректі рухтандыратын үлкен белес. Осы айтулы дата қарсаңында Қостанайда ерекше тағылымды кездесу өтті. Қазақ руханиятына еңбегі сіңген тұлға – Қасымхан Алдабергенов және тыл еңбеккерлерімен жүздесу кеші жас ұрпаққа өткеннің аманатын ұсынды.
Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды
Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Алаштың Әсиясы
Халық ақыны, айтыс өнерінің жүйрігі, мәдениет және білім саласының үздігі Әсия Әйіпқызы Беркенова 75 жасқа толды.
Мемлекет басшысы Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразидің қайтыс болуына байланысты оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айтты.
Арқалық музейіне Әнуар Боранбаевтың жеке заттары тапсырылды
Даңқты жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаев – Торғай топырағынан шыққан шоқтығы биік өнер жұлдызы.
Ахмет Байтұрсынұлы қызмет істеген Қостанай педагогикалық сыныбы — қазіргі жоғары оқу орнының бастауы
Бұл туралы Ахаң атындағы университеттің Филилогия және практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі Алмасбек Әбсадық Қостанайдағы Жайлаубай ата мешітінде өткен ғылыми конференцияда баяндады.
ҰСТАЗ, ҒАЛЫМ, ҚАЙРАТКЕР
Адам өмірінде ата-анадан кейінгі орыны бөлек жан – ұстаз бен тәлімгер. Уақыт өткен сайын олардың бейнелері тұлғаланып, сағынышпен ойға оралатынына бұл күнде көзіміз әбден қанық екені белгілі.
Ән әлемінің Әминасы
Арқалықтағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен музыка маманы, ұстаз Ә. Сарманқызының туғанына 80 жыл толуына орай, марқұмның өнегелі өмірі мен ғибратты істерін насихаттаған «Өмірі – өнеге, өнері – үлгі» атты еске алу сағаты өткізілді.