Облыс әкімдігінде өткен кеңес алдымен кадрлық тағайындаулардан басталды.
Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының лауазымына Дидар Сапарғалиұлы Тлеубаев тағайындалды.
Дидар Сапарғалиұлы бұған дейін Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары болған.
Ал Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының лауазымына Динара Мырзалықызы Ихласова тағайындалды.
Динара Мырзалықызы Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының қызметін атқарған болатын.
Құмар Іргебайұлы жаңа жұмыс орындарына табыс тіледі.